Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 28 қазан — 1 қараша күндері аралығында бөбекжайішілік «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында бөбекжайішілік педагогтар арасында семинар-практикум апталығы өтті.
Мақсаты: Педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, өз бетінше ізденулеріне көмектесу, өздігінен білім алу жағдайларын қарастыру. Оқу тәрбие процесінде жаңа технологияларды қолдануға ынталандыру.

Семинар-практикум апталығының бірінші күнінің спикерлері Өтегенқызы Г., Тұрарбекова Ф.Т., Кансултанова Н.Х., Куаналиева Т.У., Туржанова Э.А. өздеріне берілген дағды бойынша қорғап, бір-бірімен тәжірибе алмасып, өз ойларын ортаға салды.
«Үздік спикер» номинациясы бойынша ортаңғы тобының тәрбиешісі Кансултанова Нуржамал Хидиркожаевна марапатталды.

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі