№61 «Сұлтан» бөбекжайында 5 қараша күні, Біртұтас тәрбие бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Әкем, анам және мен» атты отбасылық жарыс өтті.
Мақсаты: Отбасы мен бөбекжай ынтымақтастығын нығайту, балаларды шапшандыққа, ептілікке тәрбиелеу. Отбасылық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Балалар мен ата — аналардың арасындағы қарым — қатынасты жақсарту, ата — аналарды балалардың өміріне белсенді қатысуға баулу.
Отбасымен бірлесе өткізген іс-шара барысында мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылықтарын арттыра алды. Бүлдіршіндер ана-әкелерімен, ағаларымен қатарласа эстафеталық жарысқа белсене қатысу арқасында, жүздерінен мақтаныш сезімі байқалды.
Жарысқа қатысушы отбасылар берілген тапсырмаларды өз дәрежесінде орындап шықты. Жарыс соңы марапаттау рәсіміне жалғасты.
🥇 орын — «Тұлпар» командасы.
№7 «Қарлығаш» мад тобы.
Жұмажан отбасы, Жақып Аянат Бауыржанқызы
🥈 орын — «Қыран» командасы.
№8 «Айгөлек» мад тобы.
Сардарбековтар отбасы, Үсен Зере Нұрлыбекқызы
🥉 орын — «Жұлдыз» командасы.
№11 «Қызғалдақ» мад тобы.
Сағи отбасы, Сағи Алтын Жасұланқызы
Үздік ойын көрсеткені үшін «Диплом» — «Сұңқар» командасы.
№9 «Күншуақ» мад тобы.
Аязбаевтар отбасы, Жақау Ерсері Игілікұлы
Қатысушылар медаль және жүлделі орын дипломдармен марапатталды.
Жарысқа белсене қатысқан ата-аналарымызды құттықтай отырып, алғысымызды айтамыз!
Дене шынықтыру маманы: Боранбаева Аққу Есмұрзақызы
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#әкеманамжәнемен
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі