Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ және «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері арасында флорбол жарысы (зал хоккейі) өтті.
Жарысқа бөбекжайымыздың дене шынықтыру маманы Казиева М.А. командасымен қатысты.
Флорбол жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бөбекжайымыздың командасы «Үздік Қорғаушы» номинациямен және қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.
Құттықтаймыз!