Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

1 қазан — Халықаралық қарттар күні

Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында және Қарттар күні мерекесіне орай, бөбекжайымызда «Қарттарым асыл-қазынам» атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік шараға №1 «Балапан» ортаңғы тобының тәрбиеленушілері Қалдыбай Инабат пен Тынышлық Әмірланның әжелері және №9 «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Нурлыбаева Мединаның әжесі қонаққа келіп кішкентай бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалады.
Бүлдіршіндер әжелерді құттықтап, тақпақ, әндерін айтып әжелерге көтеріңкі көңіл күй және қуаныш сыйлады.
Әжелеріміз қыз балаларға жүн түтіп, ұршық иіріп, жіп жасауды және «Шаш өру-қазақ қызына тән» бұрымды шаш өру үлгісін көрсетті.
Мереке соңында бүлдіршіндер әжелерге сыйлық сыйлап, әжелер ақ баталарын берді.

Қарттары бар ел-бақытты ел! Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!