Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ.

№61 «Сұлтан» бөбекжайында кезекті педагогикалық кеңес өткізілді.
Тақырыбы: «2024-2025 жаңа оқу жылындағы бөбекжай қызметінің негізгі бағыттары»
Педагогикалық кеңеске бөбекжай педагогтері толық қатысып, жазғы сауықтыру – шынықтыру шараларының атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылады. Педагогикалық кеңесінің күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, талқыланды.
✅️Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру.
✅️2024 — 2025 оқу жылының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  оқу жоспарымен таныстыру, бекіту.
✅️Педагогтерді бөбекжайдың жылдық жоспарымен таныстыру.
Жаңа оқу жылына көптеген жоспарлар құрылды.
Бөбекжай басшысы жаңа оқу жылында атқарылатын іс-шаралар мен жұмыстарды сапалы, әрі жоғары деңгейде атқаруды тапсыра отырып, қызметкерлерге жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, жоғары жетістіктерге жету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.