Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

19.08-23.08.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру — шынықтыру шараларындағы жоспары бойынша «Ас атасы-нан» апталығы өткізіліп, апталықтың қорытындысы ретінде барлық топ балаларының қатысуымен бөбекжай ауласында мерекелік ойын-сауық шарасы өтті.
Мақсаты: Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.

Мерекелік шара «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша өтті. Ертегідегі кейіпкерлер келіп, балаларға түрлі ойындар ойнатып, тапсырмалар беріп, нанның түрлері көп екенін түсіндіріп, мереке соңында естелікке суретке түсті.
Балалардың көңіл-күйлері қуаныш пен бақытқа толып, мерекені көңілді аяқтады.

#Асатасынан
#өртқауіпсіздігі
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі