Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 19.08-23.08.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Ас атасы — нан» апталығы.
Мақсаты: Балаларға ас атасы – нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Тәрбиешілер апта бойы «Алтын дән», «Нан-дастархан байлығы», «Нан болса ән де болады», «Егіс алқабында» тақырыптары бойынша сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, сюжетті сурет арқылы әңгіме құрастыру, шығарма, ертегі оқу, сюжетті-рөлдік ойындар, шығармашылық жұмыстар жүргізді.