№61 «Сұлтан» бөбекжайында 12.08-16.08.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Менің отбасым» апталығы.
Мақсаты: Балаларға отбасы және отбасы туралы түсінік беру. Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу. Отбасы мен бөбекжай арасындағы тәрбиені ұштастыру, байланысты нығайту.
Кіші, ортаңғы, ересек, мад топтарында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында отбасы туралы мультфильмдер көру, отбасының қызықты демалыс сәттерінен бейнебаян, отбасы тақырыбында «Бала тілі-бал» айдары, әңгімелесу, қимылды ойындар, сюжетті-рөлдік ойындар, жоспар бойынша ұйымдастырылып өткізілді.