Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз



№61 «Сұлтан» бөбекжайында 5.08-9.08.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру-шынықтыру шаралары жоспарына сәйкес «Өрт қауіпсіздігін сақтайық» апталығы өтті. Апта бойы топтарда түрлі іс-шаралар: тақырыптық іс-әрекеттер, қимылды ойындар, ойын іс-әрекеттер, сурет көрмесі, тақырыпқа сай шығармашылық жұмыстар жүргізілді.
Бөбекжай ауласында «Өрт қауіпсіздігін сақтайық» апталығы ойын-сауық шарасымен қорытындыланды.
Мақсаты: Балаларға өрт туралы түсінік беру. Өрт тілсіз жау, өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.

Ойынсауыққа барлық топ бүлдіршіндері қатысты. Мерекеге сайқымазақ және өрт сөндірушілер келіп, балалармен өрт қауіпсіздігі ережелері туралы, өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтыны туралы айтып, балалардың білімдерін қызықты ойындар арқылы тексерді. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне байланысты эстафеталық ойындар өткізді. Мереке көңілді өтті.