Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№61 «Сұлтан» бөбекжайында 5.08-9.08.2024ж. аралығында жазғы сауықтыру -шынықтыру шаралары жоспарындағы кезекті іс-әрекет «Өрт қауіпсіздігін сақтайық» апталығы.
Мақсаты: Балаларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін түсіндіру. Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б қатерлі заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.
«Өртпен ойнау қауіпті» тақырыбында түсінік жұмыстары жүргізіліп, сурет көрмесі, ойындар ұйымдастырылып өткізілді.