2.08.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Кел шырқайық, бәріміз» апталығы тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында өткен «Екі жұлдыз» ән байқауымен қорытындыланды.
Байқаудың мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында тығыз байланыс орнату.
«Екі жұлдыз» ән байқауына 7 жұп өнер көрсетіп, бақтарын сынады. Сайысқа қатысушылар байқаудың шарты бойынша жұптасып, еркін тақырыпта ән орындап жанды дауыста айтты.
Әділ-қазылар шешімі бойынша кіші, ортаңғы топтар арасынан:
🥇 орын- №1 «Балапан» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Алхамова А.Н.
Тәрбиеленуші: Силхан Аружан
Серікқызы
🥈 орын- №3 «Балбөбек» кіші тобы
Тәрбиеші: Жұбандықова Ә.Н.
Тәрбиеленуші: Абылайқызы Айя
🥉 орын- №4 «Ақбота» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Кансултанова Н.Х.
Тәрбиеленуші: Рахметтулла Саида
Арманқызы
Ересек, мад топтары арасынан:
🥇 орын- №5 «Түймедақ» ересек тобы
Тәрбиеші: Темірбаева А.Ж.
Тәрбиеленуші: Еламан Адия
Елмуратқызы, Рахметулла Шадияр
Арманұлы, Таңатқызы Кәусар
🥈 орын- № 9 «Күншуақ» мад тобы
Тәрбиеші: Момынова Э.Д.
Тәрбиеленуші: Алаш Айша
Сайлауқызы
🥈 орын- № 11 «Қызғалдақ» мад тобы
Тәрбиеші: Дәуітқызы Арайлым
Тәрбиеленуші: Берекетқызы Дара
🥉 орын- №6 «Ақжелкен» ересек тобы
Тәрбиеші: Коптлеуова Р.Э.
Тәрбиеленуші: Қамбар Айша
Жанбырбайкызы
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Байқау соңында барлық жұп бірлесе «Жұлдыз болып жанайын» әнін шырқады. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орын дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұл байқау енді жылда дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек…
#екіжұлдыз
#жазғысауықтыру
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі