Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№61 «Сұлтан» бөбекжайында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер ұйымдастырылуда
Ауызбіршілікпен ұйымдастырылатын тазалық шарасына бөбекжай ұжымы бір кісідей ат салысып келеді.

Эко акция шеңберінде қызметкерлер бөбекжай ауласын қоқыстан тазарту, көгалдандыру іс-шарасын орындап, ағаштарды бұтақтардан тазартып, түбін әктеді. Арамшөптерді жұлып, тал суарды. Шара «Таза Қазақстан» эко акциясы аясында ұйымдастырылды.

#ТазаҚазақстан
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі