Бөбекжайымыздың жазғы сауықтыру-шынықтыру шаралары жоспарына сәйкес, 19 шілде күні «Су атасы Сүлеймен қонақта» атты ойын-сауық өтті. Бөбекжай ауласы мерекеге сай безендірілді. Мерекеде әр-түрлі эстафеталық ойындар, су мен ойын, сабынды көпіршіктермен ойындар ойнатылды, балалардың барлығы шараға белсенді қатысты. Мерекеге көңілді балықтар мен су асты патшалығының тұрғындары, Сүлеймен ата келіп, балалармен ән айтып, би биледі. Балаларға мереке бақытты сәт пен көптеген қуаныш сыйлады.
#жазғысауықтыру
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі