Кең болсын Қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын, Астана мерекесі!
Елорда күніне орай бөбекжайымызда 5 маусым күні «Астана — бас қала!» тақырыбында мерекелік шара өтті.
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы — Астана туралы мәлімет беру. Баланың ізгілік қасиетін дамыту. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, қимыл белсенділігін арттыру. Отан, туған жерге деген сүйіспеншілігін дамыта отырып, өз отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.