Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылдың маусым айының 24 күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының ұйымдастыруымен, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты курс тыңдаушыларына «Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы арт-педагогикалық технологиялар» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған көшпелі тәжірибелік сабақ өткізді.
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы арт-педагогикалық технологиялар арқылы мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Педагогтердің білім біліктілігін көтеру.

Тәжірибелік сабаққа Өрлеу БАҰО Маңғыстау филиалының оқытушысы Жұмабаева Ақбілек Қошқарбаевна және облыстық мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Бөбекжай әдіскері Жулдызбаева А.А. тәжірибелік сабақты ашып, бағдарламасымен таныстырды.
📌Тәжірибелік бөлімінде қазақ тілі маманы Туметова А.К мен тәрбиеші Юсупова М.А “Сыр шертеді-ертегі” тақырыбында ертегі терапиясын өткізді. Алдымен, сыйластық қарым-қатынас орнату мақсатында балалық шаққа саяхат жасап, тренинг-ойын арқылы топқа бөлініп, мнемотехниканы пайдаланып, ”Ұр, тоқпақ” ертегісіне “Реквизиттерді таны” әдісін қолданды. Ертегі терапиясын “Айгөлек” тобының бүлдіршіндері “Жәндіктер достығы” ертегісінің қойылымымен жалғастырды. Қатысушылар “Educaplay” платформасы арқылы танымдық тапсырмалар орындады.
📌Дене шынықтыру маманы Казиева М.А. «Ұлттық ойын әлемінде» тақырыбында зияткерлік, дамытушы ұлттық ойындарды қолдана отырып «Сиқырлы таяқ», «Қазан доп», «Бестемше» ойындарын жоғары деңгейде көрсетті.
📌Бейнелеу өнері маманы Садыбекова М.Н. тәрбиеші Дәуітқызы А. «Қолөнер — сырлы өнер» тақырыбында дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді, инновациялық технология түрлері ши тоқу, киіз басу технологиялары, құрақ құрау, аппликация жасау, бақалшақтар, эбру технологиясын пайдаланып шебер-сынып өткізді.
📌Ән-саз жетекшісі Кульсариева Г.О. тәрбиеші Олжабай Г.А. «Күлдіргеннің сыйлығы» музыкалық ойындар тақырыбында тәжірибелік сабақ барысында қатысушылармен балабақша әнін шырқау арқылы тыныс алу жүйелерін дауыс ырғақтарымен және түрлі- түсті шарлар ұсыну арқылы музыка сүйемелдеуімен, шарларды үру, тыныс алу жүйесімен жұмыстар жүргізіліп, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Үрленген шарлармен жеке, жұптық және топтық эстафеталық ойындар ойналып, іс-әрекетті аяқтау мақсатында, әр педагог өздері үрлеген шарларына көңіл-күйлерін шарға бейнелеу арқылы шығармалышық қабілеттерін көрсетіп, өз ойларын пікірлерін білдірді.
Тәжірибелік сабақ соңында қатысушы педагогтер жоғары баға беріп, пікірлерін білдіріп, алғыс айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

#өрлеу
@orleumangystau