17.06-21.06.2024ж. аралығында, бөбекжайымызда жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру және спорт» апталығы өтті.
Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтына баулу, спорттың әр түріне қызығушылықтарын ояту арқылы бүлдіршіндердің денсаулығын сақтау және нығайту. Спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Маусым айының 20 күні, бөбекжайымызда ересек топтар арасында, велосипед тебу тәртібін түсіндіру, дағдыларын жетілдіру, балалардың жолда жүру ережелері және велосипедпен жүру ережелері туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу. Велосипед спортына қызығушылығын ояту мақсатында «Жас велосипедшілер» атты веложарысы өткізілді.
Жарыс көңілді де қызықты өтті. Балалар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. Жарыс соңында, бүлдіршіндерге дипломдар мен медальдар табысталды.
Дене шынықтыру маманы: Казиева Маншук Алибаевна
#жазғысауықтыру
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі
#жолкартасыақтау
#Ұлттыққұндылықтар
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
@aktau_oku_adistemelik_ortaligi