Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

10.06-14.06.2024ж. аралығында, бөбекжайымызда жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білімдерін кеңейту мақсатында «Экология» апталығы өтті.
Апталықтың жоспарына сәйкес балалар нағыз экологтардың ролін ойнады-құм, топырақ, саз және сумен тәжірибе жасап, тәжірибелер жүргізді. Олар көптеген қызықты нәрселерді білді: құмның қасиеттері туралы, топырақтағы ауа туралы, саздың тығыздығы, судың мөлдір екенін, оны кез-келген түске бояуға болатынын, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен танысу туралы және т.б.
Бөбекжай дәлізінде апта тақырыбына арналған, қалдық материалдардан жасалған қолөнер, сондай-ақ «Табиғатты сақтаңдар» тақырыбында балалар суреттерінің көрмелері ұйымдастырылды.№8 «Айгөлек» ересек тобының тәрбиеленушілері «Ботаникалық баққа» барып гүлдердің әр түрімен, шығу тарихымен танысу, экологияға танымдық қызығушылығын жандандыру мақсатында саяхат жасады.Апта соңында «Табиғатты аялайық» атты мерекелік ойын-сауық шарасын өткізіп, «Экология» аптасын көңілді қорытындыладық.

#жазғысауықтыру
#оқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқалалықбілімбөлімі
@aktau_oku_adistemelik_ortaligi