13.06.2024ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайының жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Экология» апталығы аясында №11 «Қызғалдақ» ересек тобының тәрбиешісі Жалғасова Құндыз Женгисовна балалармен «Сиқырлы су» тақырыбында сумен іс-тәжірибе жасады.
Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен таныстыру. Қарапайым зерттеу әдістеріне тарту. Жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылығын ояту. Алғашқы тәжірибе жасау дағдыларын дамыту. Қоршаған ортаны қорғауға, суды ластамауға, оған қамқорлық танытуға тәрбиелеу.
#жазғысауықтыру