Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

10.06-14.06.2024ж. аралығында, бөбекжайымызда жазғы-сауықтыру кезеңінің жұмыс жоспарына сәйкес «Экология» апталығы өтілуде.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық білімдерін кеңейтуге ықпал ету. Жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу.

№8 «Айгөлек» ересек тобының тәрбиеленушілері маусым айының 12 күні, «Ботаникалық баққа» саяхат жасады.
Балалар саяхат барысында гүлдердің әр түрімен, шығу тарихымен, қандай пайдасы бар екендігі туралы мағлұматтар алды. Гүлдердің сондай биіктікке дейін өсетіндігіне таңырқап, қызықтады. Әдемі гүлдерді тамашалап жақсы әсер алып қайтқан балалар өз ойларын әңгімелеп берді. Саяхат балаларға ұнады.
Тәрбиеші: Юсупова М.А.