№61 «Сұлтан» бөбекжай қызметкерлері 2024 жылдың 2 маусым күні дәстүрлі туған жердің тамаша табиғаты мен көрікті, киелі жерлерімен танысу мақсатында Ақтау қаласынан 90 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында орналасқан табиғат ғажайыптарының бірі — Саура шатқалына саяхатқа шықты.
Табиғат аясында көңілді ойындар ойнап, ән айтып, би билеп саяхатта өткізген әр сәтіміз есте қаларлықтай керемет, қызықты өтті.
Каспий теңізінің мөлдір және нәзік ашық-көгілдір суы, ұзын, жайлы жағажайы бізге қатты ұнады.