Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Тақырыбы: «Асық-алтын қазынам»

Мақсаты: Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету. Асықпен ойналатын дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту. Балаларға санап,түстерді ажырата білу арқылы саусақ моторикасын дамыту. Асықтардың түсу атауларын үйрену. Көп аз ұғымдарын қалыптастыру арқылы  қалыптастыру арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ойларын жүйелі түрде жеткізуге

тәрбиелеу.Жаңа технология  Әуенді кесте, асық, денсаулық ,Монтессори технологияларын қолдану.

Көрнекіліктері: Түрлі түсті асықтар, ағаш үй,магнитті тақта,фонарик,пішіндер,слайд,сиқырлы қалам мен кітаптары.

Әдістәсілдері: Түсіндіру, әңгімелесу

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің барысы:

Тәрбиеші: Бүк түсті,

Шік түсті

Алшы тұрды,

Тәйкі тұрды!

Шеше алады ал кім мұны?

Балалар: Бұл асық

Тәрбиеші:Ия дұрыс балалар! Асықтың төрт қыры бар.Алшы,тәйке,шік,бүк. Бұл асық. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады екен. Бұрында аталарымыз әкелеріміз бала кезінен асықпен ойнаған екен. Ата бабаларымыз кішкентай сәби дүниеге келмей тұрып жас нәрестеге асық жинаған екен. Баласы ұл болса бесігінің басына ержүрек батыл болсын деп бөрінің  асығын,ал қыз бала болса сұлу да сымбатты болсын деп еліктің лағын іліп қойған екен.

Асықпен ойналатын қандай ойын түрлерін білеміз?

Балалар: Ханталапай, асық ату, тас қала,омбы,алшы,бес асық.

Тәрбиеші: Асыққа байланысты қандай мақал мәтел білеміз?

1.Оңқай асықтай,

Күміс қасықтай.

2.Асығын ата алмаған,

Сақасынан көреді

Сөзі сөйлей алмаған

Атасынан көреді.

3.Ата баласы

Азарыңда асық ойнайды.

4.Асық ойнаған-ақтық

Доп ойнаған –тоқтық.

Тәрбиеші: Сонымен балалар біз асықты қайдан алады екенбіз?

Балалар: Төрт түлік малдан

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,төрт түлік малдарға не жатады?

Балалар: Жылқы,түйе,сиыр,қой,ешкі

Д/О:Төлін тап

 

Тәрбиеші:.Әуенді кесте технологиясы бойынша  «Мақалды жалғастыр» ойыны

1.Қой анасы оннан

————————————

2.Жылқы малдың патшасы

———————————————-

3.Түйе көп болса

————————-

Тәрбиеші: Балалар асық ойынының тәрбиелік  мәні өте зор. Ендеше балалар осы асықтан жасақталған түрлі ойын бұрышына баратын боламыз.Ол үшін алдымен асықты иіру арқылы қай орынға баратынымыз анықтап алайық.

1-тапсырма Асықты ағаш үй (Танымдық зияткерлік дағды бойынша)

Сандарды тура және кері  санау

Асықтардың түстерін ажырату.

2-тапсырма

Д/О: Мен қандай түспін? Геометриялық пішіндерді асықтармен сәйкестендір.

3-тапсырма

Қармақпен асық аулау

Аулаған асықтарының түстерін және санын айту.

4-тапсырма

Шексіздікке асықпен жету

5-тапсырма

Фонарикпен асықты қарай отыра асықтың төрт қырын анықтау.

6-тапсырма

Кім мерген?

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар! Ал енді асықтың көмегімен музыка терапиясымен серігіп алайық.

Ал енді балалар шығармашылық жұмысқа кезек берейік.

Алдымен 2 топқа бөлініп алайық!

1-топ Екі асықтың суретін екі қолмен бірдей етіп бояу.

2-топ Бір саусақпен файлдың көмегімен асықты бояу

Тәрбиеші: Балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар.

Енді біздер асықты музыкалық аспап ретінде қолданып,бүгінгі оқу әрекетімізді қорытындылаймыз!

Балалар,сендерге бүгінгі оқу іс әрекеті ұнадыма?

Оқу іс әрекеті немен қызықты өтті?

Асықпен біз қандай тапсырмаларды орындадық?

Балалар өз ойларын айтады.