Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

23.12 — 26.12.2026ж аралығында №61 «Сұлтан» бөбекжайында барлық топта «Қош келдің, Жаңа жыл!» ертеңгіліктері өтті.
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа жылға арналған тақпақтарын айтқыза отырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір — біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.

Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар келіп балалардың тақпақтарын, билерін тамашалап барлық балаларға сыйлықтар тарту етті. Мереке көңілді өтті.

#Жаңажыл2025
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі