Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

22.12.23ж. Бөбекжайымызда  “Мен жемқорлыққа қарсымын” дөңгелек үстелі өтті.
Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу.  Өз қызметіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке қол жеткізу.

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беріліп, видеоролик көрсетілді. Педагогтер екі топқа бөлініп пікір талас, ой толғау, жағдаят шешу және «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты сурет иллюстрациясын салып, суретті талқылады.   «Құлдық сананың белгісі — параға сатылу» тақырыбында көрініс көрсетті.

#сыбайласжемқорлыққажолжоқ