№61 «Сұлтан» бөбекжайында, балаларды ерте дамыту институты 2023-2024 оқу жылдарындағы » Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспары бойынша, «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды білуге арналған «Мақал сөздің — мәйегі» атты мақал-мәтелдер сайысы өтті.
Мақсаты: Мақал түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Сайысқа мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері қатысты. Өткен шараға қатысушылар белсенді қатысып, өздерін жан-жақты көрсете білді. Сайыс соңында қатысушыларға дипломдар табысталды.