Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні «Мектепке дейінгі ұйым» қауымдастығы жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында «Балабақша мен мектеп арасындағы педагогикалық сабақтастық» тақырыбында онлайн вебинар өтті.
Вебинарға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хасен Айгерім Сайынқызымен бөбекжайымыздың тәрбиешісі Юсупова Меңсұлу Атабайқызы қатысып, «Ойын арқылы баланы оқыту және тәрбиелеу» тақырыбында баяндама оқып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Меңсұлу Атабайқызы «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының» сертификатымен марапатталды.