№61 «Сұлтан» бөбекжайында 2024 жылдың 31 мамыр күні, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Біздің мейрам» атты мерекелік шара өткізілді.
Мақсаты: Балаларды шат-шадыман көңіл-күй мен күміс күлкіге бөлеу. Ән айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру.
Шара барысында бүлдіршіндер би билеп, ән айтып, түрлі ойындар ойнады.
Мереке көңілді өтті.
Барлық бүлдіршіндерді төл мерекесімен құттықтаймыз!
Әлемдегі әр бала ата-анасының махаббаты мен қамқорлығына бөленіп өссін, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз!
Мереке құтты болсын!
#1маусымбалалардықорғаукүні