Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

30.05.2025ж. бөбекжайымызда 1 Маусым – Балаларды қорғау күніне орай кіші және ортаңғы топ тәрбиеленушілеріне арналған жарқын, көңілді мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеру, оларға мерекелік атмосфера сыйлау, ұйымшылдық пен достыққа баулу, әр баланың өзін еркін әрі бақытты сезінуіне жағдай жасау. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің өнерін, белсенділігін дамыту, мерекелік мәдениетке баулу.

Бұл ерекше күн – балалардың шаттық пен бақытқа толы балғын өмірін, олардың құқықтарын қорғау мен қуаныш сыйлаудың белгісі!
🎈Мерекеде балалар ән айтып, би билеп, қызықты ойындарға қатысып, түрлі кейіпкерлермен бірге ойнап, ерекше әсер алды. Түрлі түсті шарлар, әсем безендірілген алаң және қуанышты күлкі – бәрі де балалардың мерекесін шын мәнінде ұмытылмас етті.

#Балаларкүні
#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы