Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Маңғыстау облысының білім басқармасының
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің
«№61 «Сұлтан» бөбекжай» ЖБҚ МКҚК-ның
2023 жылғы жұмысының қорытындысы.
Ақтау қаласы 29 шағынауданда орналасқан Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№61 «Сұлтан» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2015 жылы ашылды.
Жобалық сыйымдылығы 280 орын.
Бөбекжай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қабылдауды жүзеге асырады. Барлығы 11 топ мемлекеттік тілде жұмыс жүргізеді.
Жалпы бала саны — 280 бала.
Бөбекжайда барлығы 25 педагог жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары білімді -15, арнаулы орта білімді -10.
Бөбекжайдың 2023-2024 оқу жылына арналған негізгі мақсат, міндеттері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес инновациялық технологияларды қолдана отырып білім, білік дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын бойына сіңіртіп, оның жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуына қолайлы жағдайлар туғызу.
Міндеттері:
1. «Салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру арқылы баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту».
2. «Оқыту мен тәрбиелеуде дәстүрден тыс технологияларды пайдалана отырып, ойын арқылы балалардың коммуникативтік, танымдық, шығармашылық дағдыларын дамыту».
Бөбекжайда аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында инновациялық технология түрлері, соның ішінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ши тоқу және алаша тоқу технологиясы, асық технологиясы, киіз басу технологиясы, сонымен бірге денсаулық сақтау технологиясы, әйнекке сурет салу технологиясы, эбру және бердо, қыш өнері технологиясы, акт технологиясы, мнемокесте технологиялары қолданылып, балалардың дағдыларын жан-жақты дамытуға жұмыс жүргізіледі.
Мектепке дейінгі ұйымның жылдық міндеттері бойынша атқарылған жұмыстар балалардың жеке қажеттіліктері мен мүдделерін ескереді, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарын басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшеліктеріне сай әдістемелік құралдар пайдаланылып, оқу іс-әрекеттер, іс-шаралар жүргізіледі.
Балалардың әлеуметтік тұлға ретінде дамуына жағдайлар жасалған, бөбекжайға бейімделуге, қолайлы жағдайлар туғызуға, бала бойында өзіне, басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген жақсы көзқарас қалыптастыруға, коммуникативтік және әлеуметтік құзырлығына жағдайлар жасалған.
Бөбекжайда балалармен әр түрлі іс-шаралар, жұмыстар ұйымдастырылды. Балалар қоршаған орта жайлы білімдерін дамытуға, әр түрлі (танымдық, тілдік, тәжірибелік) біліктіліктерін қалыптастыруға, әлемге деген танымдық қарым-қатынасын дамытуға ықпал ететін әртүрлі іс-әрекеттер мен шараларға белсене қатысып отырады.
Мемлекеттік стандарттың орындалуы балалардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылған.
Жылдық жоспардың міндеттері балалармен, ата-аналармен және педагогтармен жұмыс түрінің барлық формалары арқылы жүзеге асырылды: педагогикалық кеңестер, семинарлар, ойын-сауықтар, жиналыстар, байқаулар және т.б.
Бөбекжайда педагогикалық-ұйымдастыру шаралары: ертеңгіліктер, сауықтырулар, мерекелер, саяхаттар, тақырыптық оқу іс-әрекеттері, т.б. жылдық жоспарға сай жүргізілді.
Бөбекжай «Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ-нің 26.07.2023 ж№296 нқ бұйрық қорытындысымен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп танылып, мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді.
Бөбекжайымызда Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы бойынша жұмыстар жүйелі түрде жоспарланып, жүргізілуде. Бөбекжайымызда қазақ ұлттық ойындары және әндері мерекелік және спорттық ертеңгіліктерде , оқу іс-әрекеттерінде қолданылуда. Педагогтарымыз Қазақстан Республикасының заңдарымен, жолдаулармен, қаулыларымен таныстырылып отырылды. Тіл апталығына байланысты балаларға мемлекеттік тілдің өркендеуіне , мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт — дәстүрі, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру мақсатында қыркүйек айында «Тілдер» күніне орай балаларға ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруге, өз елінің тариxи шежіресін білуге үйрету, тілі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған апталық өткізілді.
5 -қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ диктант жазу күні өткізіліп, «Тіл — ең асыл құндылық» атты тақырыпта диктант жазу шарасына бөбекжай педагогтері қатысты.
Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Балалардың тілін дамытып, сөздік қорларын молайту және есте сақтау қабілеттерін нығайту. Балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында «Тілдер» күніне және Маңғыстау облысының 50 жылдығы мен Ақтау қаласының 60 жылдығына орай, «Мерейлі мекен — Маңғыстау» тақырыбында тәрбиеленушілер арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.
2023 жылдың ақпан айының 2 жұлдызында, Ақтау қаласы бойынша «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының сырттай қалалық кезеңі өтті.

Бөбекжайымыздың әдіскері Жулдызбаева А.А. «Шығармашыл толқын» (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері) бағыттары бойынша жүлделі І орын иеленді.
2023 жыл 10 ақпанда бөбекжайымыз қалалық «Жетістіктер апталығына» қатысып, «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбында ашық оқу көрсетілім өткізілді.
Бөбекжай мен отбасы арасындағы байланыстарды жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту, жаңартылған білім мазмұнының тиімділігін түсіндіру, ата-ана мен бөбекжай арасындағы серіктестікті орнату, сенімді қарым-қатынасты дамыту мақсатында №61 «Сұлтан» бөбекжайында ақпан айының 15-күні «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Ата – аналар балалардың ұйымдастырылған іс – әрекеттеріне қатысты.
2023 жыл 17 ақпан күні №61 «Сұлтан» бөбекжайының ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтарының арасында «Кітап – ақылшың, әрі досың!» атты кітап кермесі өткізіліп, кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылды.
2023 жыл 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай, тәрбиешілер ата — аналар арасында «Алғысым шексіз!» тақырыбында тренинг ұйымдастырып өткізді. Тренингке келген ата-аналар белсене қатысып, бөбекжай педагогтеріне, ұжымға өздерінің тілектерін айтты.
2023 жыл 14-наурыз Амал меркесіне орай, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында бөбекжайымызда дәстүрлі «Амал келді-жыл келді!» шарасы ұйымдастырылып, бөбекжай бүлдіршіндері және ата-аналарымен көрісу дәстүрі жасалды.
2023 жыл Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай бөбекжайда ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Асық жинау» акциясы ұйымдастырылды. Акцияға бөбекжай балалары мен ата-аналар қатысып, бөбекжайға асық қоры мол жиналды. Жиналған асықтардан оқу-тәрбие жұмыстарына қажетті дидактикалық материалдар жасақталды.
2023 жылдың 31 наурызында бөбекжайда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда балалардың білім сапасын арттыру, танымдық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, рухани – адамгершілік және патриоттық тәрбие бере отырып, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру, инновациялық технологияларды тиімді қолдану мақсатында «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамыту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
2023 жыл сәуір айында «Таза аула» сенбіліктері ұйымдастырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бөбекжай ауласын қоқыстардан тазалау, ағаштардың түптерін қопсыту, ағаш отырғызу, ақтау сияқты жұмыстарға бөбекжайымыздың барлық қызметкерлері және ата-аналары белсенді атсалысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
1-Мамыр-Қазақстан халқының бірлік мерекесі күні қарсаңында Қазақстанның халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы, татулығы мен бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы екендігін түсіндіру, тұрмыс салт-дәстүрлермен таныстыру мақсатында «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында мерекелік ертеңгіліктер өткізілді.
Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, патриоттық тәрбие беру, ерлік көрсеткен батырлардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай, тақырыптық іс-әрекеттер өткізілді.
2023 жылдың мамыр айында бөбекжай тәрбиеленушілері қалалық балалар шығармашылығының «Жауқазын» өнер фестиваліне қатысып, «Талантты бүлдіршіндер» номинациясымен марапатталды.

Қалалық «Қазақ ұлттық ертегісі» мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы сырттай байқауына бөбекжайымыздың N6 топ бүлдіршіні Дастан Диана қатысып, жүлделі III-орынға ие болды
Қалалық «Үздік жас маман-2023» байқауына бөбекжайдың жас маманы Дәуітқызы Арайлым қатысып, жүлделі І орын иеленді.
Қалалық «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі»байқауында бөбекжай педагогі Юсупова Меңсұлу «Жаңашыл педагог»номинациясына ие болды.
Қалалық «Үздік тәрбиеші» байқауынды бөбекжай педагогі Нұрмұханбетова Ақмарал 3 орын иеленді.
2023 жыл 19 мамырда қалалық «Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында «Бәйтерек» бөбекжай базасында әдістемелік семинар ұйымдастырылып, семинарда бөбекжай педагогі Кансултанова Нұржамал тәжірибелік оқу іс-әрекетін көрсетті.
2023 ж мамыр айында «Мектепке дейінгі мекемеде дене тәрбиесін ұйымдастырудағы жаңартылған әдістер » тақырыбында №32 «Ақ шағала» бөбекжай базасында өткізілген семинарға бөбекжайдың дене шынықтыру нұсқаушысы Сарсенғалиева Назира эстафеталық шебер сынып өткізіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.
2023 жылы бөбекжай мен отбасы арасындағы ынтымақтастық, қарым-қатынасын жақсарту, ата-ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, нығайту мақсатында бөбекжайымыздың барлық топтарында ата-аналар жиналысы өткізілді.

2023 жылдың қазан айында педагогтердің белсенділігіне қозғау салатын ақпараттық орта қалыптастыру, әдістемелік қызметте жаңашылдықты анықтау, талантты педагогтерді анықтау мақсатында педагогтер арасында бөбекжайішілік «Дидактикалық ойындар» көрмесі өткізілді. Педагогтер өз тәжірибесінде қолданатын дидактикалық ойындар материалдарын жинақтап, жасаған жұмыстарын презентациялады.
Бөбекжайымыздың дене шынықтыру маманы Сарсенгалиева Н.Р. «Заманауи педагог», бейнелеу өнері маманы Садыбекова М.Н. «Үздік педагог», тәрбиешілер Юсупова М.А. «Жаңашыл педагог», Кансултанова Н.Х. «Шығармашыл педагог» номинацияларымен марапатталды.
2023 жылдың 20 қазанында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жоспары бойынша, аға оқытушы А.Қ.Жұмабаевамен бірлесіп, курстық оқу бағдарламасына сай тыңдаушылардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында «Мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие- білім беру процесін ұйымдастыру» — тақырыбында №61 «Сұлтан» бөбекжайында көшпелі тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, бөбеекжай педагогтері ұйымдастырылған іс-әрекеттер, шебер-сынып, тренингтер өткізді. «Қызықты ойындар» -тақырыбында тәрбиешілердің өз іс-тәжірибесінде қолданып жүрген өз қолдарымен жасаған түрлі ойындар мен құралдардан көрме ұйымдастырды.
2023 жылдың қараша айында бөбекжай педагогтері «Өрлеу» БАҰО ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы»бейнесабақтар және бейнедәрістер байқауының өңірлік кезеңіне қатысып, «Ерте сауаттылық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» аталымы бойынша тәрбиешілеріміз және бейнелеу өнері маманы жүлделі орындарға ие болды. III орын -Коптлеуова Р.Э. Жанабаева Қ.А.II орын -Туржанова Э.А.
I орын — Садыбекова Майра Нұрланқызы байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды.
Отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасымен байланысты нығайту мақсатында 2023 жылдың 10 қараша күні Қалалық «Шаңырақ» бейнероликтер байқауы өткізілді. Бөбекжайымыздың №6 «Ақжелкен» ересек тобының тәрбиеленушісі Достанқызы Медина отбасымен бірге қатысып, «Үлгілі отбасы» номинациясына ие болды.
Қалалық «Әкем-асқар тауым» байқауына қатысып, бөбекжайымыздың тәрбиеленушісі Талғат Шахмардан әкесі Ерманов Наурызбек Талғатұлымен бірге қатысып, «Зерек әке мен бала» номинациясына ие болды.

Бөбекжай тәрбиеленушілері Республикалық байқауларға да белсене қатысып, дипломдармен марапатталды.
Әлеуметтік серіктестікті нығайту.
№61 «Сұлтан» бөбекжайы мектепке дейінгі ұйым мен колледж арасындағы сабақтастықты нығайта отырып, тәрбиеші мамандығының негізгі тенденцияларын, яғни үздіксіз білім беруге көшу, білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру және білім берудегі инновацияны жетілдіру мектепке дейінгі ұйымның болашақ педагогтерінің кәсіби-педагогикалық дайындықтарын дамыту, педагогикалық-психологиялық шеберліктерін қалыптастыру мақсатында «Есенов колледжі»ЖШС, ЖШС «Каспий өңірі» «Болашақ» колледжі, «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжімен» тығыз жұмыс жүргізеді.
Әлеуметтік серіктестікті нығайту, колледж студенттерінің болашақ мамандыққа деген білім-біліктіліктерін арттыру мақсатында 15.11.2023ж. ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі және №32 «Ақшағала» бөбекжайы мен №61 «Сұлтан» бөбекжайы арасындағы педагогикалық практиканы ұйымдастыру және базалық мекемелермен байланыс жұмыстарының 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес бірлескен «Мектепке дейінгі ұйым мен колледж арасындағы сабақтастықты нығайту» тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинарға бөбекжай педагогтері ашық көрсетілімдер көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
2023 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша КДИ жоспары бойынша Маңғыстау телеарнасының «Төрлетіңіз» бағдарламасына «Ұлттық құндылық-тәрбие өзегі» тақырыбындағы сұхбатқа Өрлеу БАҰО АҚ филиалы МОБ КДИ аға оқытушысы Жұмабаева Ақбілек Қошқарбаевна мен №61 «Сұлтан» бөбекжайы директоры Балмагамбетова Тыныштық Қалниязовна шақырылып, бөбекжайдағы ұлттық құндылықтардың маңызы туралы ойларымен бөлісті.
2023 жыл 16 қарашада бөбекжайда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу мақсатында «Қазақстан Республикасының Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы ШЖҚ РМК өкілдерімен облыс көлеміндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің қатысуымен шара өткізілді.
Аталған іс-шарада бөбекжайдың оқу-тәрбие жұмысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, «Үздік дидактикалық материалдар» көрмесін таныстырылып, Садыбекова Майра Нұрланқызы «Ұлттық қолөнер бөбекжайда» тақырыбында шебер-сынып өткізді.
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 2023 жыл 8 желтоқсанда мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған қалалық «Тәуелсіздік тірегім» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Бөбекжайдың тәрбиешісі Жалгасова Кундыз Женгисовна қатысып , II дәрежелі орынға ие болды.
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан күні Ақтау қаласының 60 жылдығы аясында, «Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, спортты дамыту және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында флорбол жарысы (хоккей) өткізіліп, бөбекжайымыздың командасымен қатысып, Флорбол жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, бөбекжайымыздың командасы жүлделі III орын және номинациялармен марапатталды. Команда мүшелері:
1. Сарсенгалиева Н.Р дене шынықтыру маманы, «Үздік ойыншы» номинациясы және ІІІ орын диплом.
2. Жанабаева К.А. тәрбиеші, «Үздік қақпашы» номинациясы және ІІІ орын диплом.
3. Алданова Р.Ж. тәрбиеші, ІІІ орын диплом.

11.12- 15.12.2023ж. аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай апталық ұйымдастырылып, әр топта патриоттық тақырып бойынша: «Менің Отаным- Қазақстаным» тақырыбындағы іс-шаралар ұйымдастырылып, қолөнер көрмесі және оқу іс-әрекеттері, ересек, мектепалды даярлық топтарында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
2023 жыл 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай, Салалық кәсіптік одақтың Маңғыстау облыстық ұйымы «Тәуелсіздік – балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауын ұйымдастырып өткізді.
Бөбекжайымыздың №11 «Қызалдақ» мад тобының тәрбиеленушісі Болат Қарақат белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
Балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы басты бағытымыз -балалардың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, бағдарламаға сәйкес оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру.
Бөбекжайда тәрбиеленіп жатқан әрбір сәбиді бүгінгі қоғам дамуына сай ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп, еліне қызмет ететін патриот ұрпақ ету, жан-жақты тұлға етіп қалыптастыру біздің міндетіміз.
«№61 «Сұлтан» бөбекжайы» оқу жылына арналған жылдық жоспардың мақсаты мен міндеттерін орындай отырып, алдағы уақытта педагог кадрлардың білім-біліктіліктерін жетілдіру, бөбекжайдың материалдық—техникалық базасын одан әрі толықтыру жұмыстарын жүргізуді жалғастырады.