Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

16.04.2025ж. №61 «Сұлтан» бөбекжайында №4 педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Тақырыбы: «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы»
Мақсаты: Педагогикалық әдеп нормаларын талқылау. Педагогтар арасындағы кәсіби қарым-қатынасты нығайту. Мектепке дейінгі мекемеде этикалық қағидаларды сақтау жолдарын қарастыру.
Жиында педагогикалық әдептің өзекті мәселелері талқыланып, кәсіби қарым-қатынастағы әдеп нормаларына ерекше назар аударылды. Тәрбиеші Мұғазенова А.Е. педагогтерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Сенім мен сыйластыққа негізделген ұжым » тақырыбында тренинг өткізді. Педагогикалық кеңес барысында әдіскер Турниязова М.Б. «Педагогикалық әдеп» тақырыбында мазмұнды баяндама оқып, педагог мамандарының кәсіби этикасы, балаға деген қарым-қатынас мәдениеті жайлы ой қозғады. Сонымен қатар, әдіскер Жұлдызбаева А.А. педагогтардың Әдеп кодексімен таныстырып, оның негізгі талаптары мен мазмұнына тоқталды.
Сондай-ақ, тәрбиеші Тасболатова Ж.К. баяндама ұсынып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Жиын барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, педагогикалық әдепке байланысты жағдаяттарды талқылады. Әр топ ұсынылған жағдайлар бойынша өз пікірін білдіріп, шешу жолдарын ұсынды.
Мұндай шаралар педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырып, ұжымда өзара сыйластық пен түсіністікті нығайта түсетіні анық.
Балаға мейіріммен, әдеппен қарау – ұстаздықтың басты қағидасы!