Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні бөбекжайымызда «Жаңа технологияларды қолдана отырып, балалардың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында №3 педагогикалық кеңесі өтті.
Педагогикалық кеңесте күн тәртібі бойынша жоспарланған барлық мәселелер қаралды. Дефектолог-логопед маманы Кумисбаева Н.С. педагогтердің көңілін көтеру мақсатында «Мен ғажаппын» атты тренингін өткізді. Тәрбиешілер С.М.Сарсенова «Жаңа технологияларды қолдану арқылы дамытушы ортаны қалыптастыру» тақырыбында баяндама, Өтегенқызы Гүлмира «Жаңа технология — заман талабы» тақырыбындағы кеңесті сұрақ-жауап арқылы, екі топқа бөліп ойын ретінде ұйымдастырды. Педагогикалық кеңестің жоспары бойынша тәрбиешілер Жұбандықова А.Н. және Турарбекова Ф.Т. ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізді. Өткізілген іс-әрекеттер, педагогикалық кеңесте талқыланып, педагогтер тарапынан кеңестер берілді.
Әр мәселе бойынша педагогтеріміз өз пікірлері мен ұсыныстарын жүйелі түрде ортаға салды. 

#Біртұтастәрбиебағдарламасы
#Біртұтас_тәрбие
#Ұлттыққұндылықтар
#ұлттықбаяндамамаңғыстау
#жолкартасыақтау
#ақтауқаласыоқуәдістемелікорталығы
#Ақтауқаласыбойыншабілімбөлімі