Бөбекжайымызда №1 педагогикалық кеңесі өтті.
Тақырыбы: «2023-2024 жаңа оқу жылындағы балабақша қызметінің негізгі бағыттары»
Педагогикалық кеңеске барлық педагогтар қатысып, жазғы сауықтыру – шынықтыру шараларының атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылады.
Күн тәртібінде бөбекжайдың 2023-2024 оқу жылына алған мақсат, міндеттері талқыланды.
Бөбекжай әдіскері Жанмуратова Райса Шолибаевна жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұжымға шығармашылық табыстар және нәтижелі жетістіктер тіледі.